Тілді ауыстыру / Переключение языков

Қазақстанда балалардың кітап оқуын қолдау жылы

 Біз әлуметтік желідеміз:
fb  vk  yt ins

kids

 

pr book

Электронды каталог

nbk

kr k

Оқуға ұсынамыз

«
»

Біздің өрендер

Қітапханаға жазылу

Веб - сайттың алдыңғы нұсқасы

«Белый Бим черное ухо»

belyi bum

"Ни  одна собака в мире не считает обыкновенную преданность чем-то необычным. Но люди придумали превозносить это чувство собаки как подвиг только потому, что не все они и не так уж часто обладают преданностью другу и верностью другу настолько, чтобы это было корнем жизни, естественной основой самого существа, когда благородство души - само собой разумеющееся состояние."и о

Прочитав первые несколько страниц и оценив слог повествования слишком простым для "взрослой" книжки, я поспешно отнесла повесть в ряды детского чтива и уже подготовилась к радужной сказочке, где всё у всех хорошо, и которая неизменно должна закончиться хэппиэндом.
Вы все уже поняли что, речь идет о книге «Белый Бим черное ухо»,автор Гавриил Троепольский.
В этом году этой книге исполнилось 50 лет, сразу после выхода она обрела успех и вошла в золотой фонд детской литературы.

#ПушкинКітапханасы #БиблиотекаПушкина #ЦентрЗнаний #ЮбилярподОбложкой #ЧитаемВместе #Троепольский #БелыйБимЧерноеУхо

 

Алма ағашы гүлдегенде

almaКөзікоғлу, Т.

Алма ағашы гүлдегенде / Түлин көзікоғлү; (түрік тілінен ауд. Д. Бахытбек). – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2019. – 48 б.
Кішкентай Эла сабаққа барғысы келмейтін. Одан да алыстағы ауылды қызықтау қатты ұнайтын. Жақсырақ көрінуі үшін ағашқа өрмелеп шығып та алатын.
Күндердің күнінде ағаштың бір бұтағы сынып, Эла құлап кетеді. Сол кезден бастап кішкентай қыз ағашқа қамқорлық көрсете жүріп, өзінің де жазылып келе жатқанын байқамай қалады...

Естеліктер музейі

Янна де Латхаудер
Естеліктер музейі / Янна де Латхаудер. – Астана: Фолиант, 2018. – 28 б.estelik
Уил үкінің үйі неше түрлі затқа толы. Тіпті ине шаншар жер жоқ... Сонда орын болмайтындай үйде не бар еді? Бұның жауабын ешкім де білмейтін, себебі бірде біреу үкінің үйінде қонақ болып көрмепті. «Өзіме де обал жоқ, — деп мұңаятын Уил. — Достарымды шақырайын десем, үйімде бос орын жоқ». Кім білсін, өстіп жүре бере ме еді, Эйкхорн көмекке келмегенде...

Кітапта педагогиканың негіздері, оқыту және тәрбие теориялары мен принциптері, әдістері, педагогикалық шеберлікті қалыптастыру негіздері, мектептану және педагогика тарихы мен озық тәжірибені зерттеу, жинақтау мәселелері қамтылған.

Оқулық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқушыларына арналған.

Сені қаншалықты жақсы көретінімді білесің бе?

seniМакбратни, С.
Сені қаншалықты жақсы көретінімді білесің бе? / Сэм Макбратни; Ауд. А. Сейсембаева. – Алматы. Жетіген Медиа, 2015. – 32 бет.
Кейде біреуді қатты жақсы көргеніңде, сезіміңнің қандай мықты екенін білдіргің келеді. Бірақ, осы кітаптағы Үлкен Қоян мен Кішкентай Көжек туралы әңгіме бізге сүйіспеншілікті өлшеу оңай емес екенін ашады.

Ғажайып Түс

tysҒажайып Түс. Ертегі / баяндауы мен суреттемелері руф Сандерсондікі; ауд. Ж. Ешмұратова. – Астана. Фолиант, 2017. – 32 бет.


Күндердің бір күнінде Анна есімді тоқымашы ғажайып түс көреді. Түсіне енген ертегідей ғажап мекенді жібек жіптермен зерлеп, оны кілемге түсіре бастайды... Кілем де тоқылып бітеді. Анасы кілемді үш ұлымен тамашалап тұрған сәтте, қатты жел соғып, оны белгісіз жаққа ұшырып әкетеді. Өзінің мықтылығымен танылған үлкен ұлы Леон, ортаншы ұлы — зерек Блейн кілемді аналарына қайтарып әкелуге уәде береді. Алайда Леонның күші де, Блейннің асқан ақылдылығы да Хрусталь тауда жасырынған кілемді табуға жеткіліксіз еді. Олар кері оралмаған соң үйдің кенжесі Перрен жолға шығады. Өзіне деген сенімділігі мен өнерінің арқасында перизаттардың түрлі сынағынан аман шығады. Осылайша ертегінің елеусіз қалған қаһарманы кез келген қиындықтарға төтеп беріп, ақыр аяғында жеңіске жетеді. Руф Сандерсонның баяндауындағы бұл тамаша ертегі өз оқырманын ерекше сиқырымен баурап алады.

Су тамшысының әлемді аралауы

suСу тамшысының әлемді аралауы / Сара Гюрбюз Озерен ; - Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2019. – 128 бет.
Балақай, жер бетінде ең көп тараған не деп ойлайсың? Дұрыс айтасың, ол — су. Глобусқа немесе картаға қарайықшы, онда жер шарының төрттен үш бөлігі көгілдір түске боялған. Яғни су өте көп деген сөз. Су тіпті бүкіл тіршілік атаулының бойында бар. Судың тағы бір кереметтігі — оның жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі. Осылайша жер шарындағы судың мөлшері өзгермейді. Теңіз бен мұхиттардың, өзендер мен көлдердің бетінен су буға айналып, одан бұлт түзіледі. Ол жаңбыр немесе қар, бұршақ болып жерге жауады, яғни қайта суға айналады.
Ендеше, кішкентай су тамшысының әлемді аралап, кейде бу болып аспанға ұшқанын, кейде жаңбыр болып жерге жауғанын, қалай сұп-суық мұзға айналғанын өз аузынан естіп көрейік.

clubd

Клубтар мен

үйірмелер кестесі

Толығырақ...

tv det

Балалар

шығармашылығы

Толығырақ...

sprosy

Кітапханашыдан сұра

Толығырақ...

tree1