Біз әлуметтік желідеміз:
fb  vk  yt ins

kids

 

pr book

Электронды каталог

nbk

kr k

Оқуға ұсынамыз

«
»

Біздің өрендер

Қітапханаға жазылу

Веб - сайттың алдыңғы нұсқасы

Күзгі каникул

Күзгі каникулдың соңғы күндерінде, кітапхананың қызметкерлері балаларға әр-түрлі іс-шара өткізді. Балалар «Ертегі әлеміне» саяхат жасап, оқып білгендерін қағаз бетіне түсіріп суреттер салды. Сонымен қоса проектор арқылы түрлі танымдық ойындарды шешіп жарысты. Кішкентай оқырмандар Санкт- Петербург облыстық кітапханасының сыйға берген жаңа кітаптарымен танысып, оқып, өз ойларымен бөлісті. Біздің тұрақты оқырмандарымыз кітапханада өз уақыттарын қызықты өткізуде...

https://www.facebook.com/groups/1522352141410218/

45103394 506447593098012 5398291566244659200 o 45111496 506452049764233 6401184696356569088 o 45173237 506451909764247 1279183870842896384 o  

 

Күздің кереметтері

Күзгі ауа-райы - құбылмалы келеді. Бүгін – табиғат ерекше жадырап тұр. Күннің жылуы кітапханамыздың балалар бөліміне жылы шуағын төгіп тұр. Олай дейтініміз: бүгін бүлдіршіндеріміз өнімді қызмет атқара білді. «Кім жылдам оқиды?» және «Кімнің есте сақтауы жақсы?» атты балалар арасында сайыс өткізілді. Сайыста балалардың зеректілігі мен ұшқырлығы сыналды. Сонымен қатар «Қазақша сөйлейміз» үйірмесі «Күзгі кереметтер» атты тақырыпта өз ойларын эссе түрінде түсірді. Көктен түскен әсем нұр мен балалар бөлімінің күлкісі бүгінгі күннің ғажап өтуіне себепкер болды. 
http://detki.pushkinlibrary.kz/kz/https://vk.com/vkob_biblioteka_pyshkina

din0 d0 din1 din2 

Күз бояулары

Жапырақтар түскен кез,
Жеміс-жидек піскен кез
Алтын дария егінді,
Күзіміз неткен көңілді!
Күз – жылдың ең әдемі мезгілі. Табиғатта осындай әдемілікті жасау үшін, сиқырлы бояулар керек. Бүгін «Күз бояулары» мерекесін «"Ульба" оңалту орталығының бүлдіршіндері» бастап кетті. «Күзгі бояулар» мерекесіне келген балалар күз айларында пісетін жеміс-жидектердің суреттерін салып қана қоймай, осы тақырыпқа байланысты жұмбақтар шешіп жарысты. Шараға қатысушылар пайда аларлық жағымды әсерге бөленіп, көңілді күймен қоштасты. 

http://detki.pushkinlibrary.kz/ru/

 b2 b1 b3 b4 b5 

Жаңа кітап

Aldar koseБұл жинаққа Алдаркөсе мен Қожанасырдың терең мағыналы, пәлсафаға толы ұтқыр әзіл-оспақтары, күйдіргідей ойып түсетін қалжың хикаялары енгізілген. Қос әзілкештің аңқау, алаңғасар мінездері, қиқар қылықтары, ащы тілдері, ұтқыр жауаптары, зілсіз әзіл-қалжыңдары тіпті күллі әлемге танымал. Кітап жеткіншектер үшін тәлім-тәрбиелік жағы ескеріле отырып құрастырылған. Бұл жинақты кітапхананың балалар бөлімінен таба аласыз. 

 

 

‘’Reading Club’’

Егер Сіз ағылшын тілінде сөздік қорыңызды молайтып, оқу машығын, сөйлеу дағдысын дамытқыңыз келсе, бізге келіңіз! 

сәрсенбі, жұма – сағ. 10.00/15.00, 8 -11 жасар балаларға 
сейсенбі, бейсенбі – сағ. 10.00/15.00, 11-13 жастағы балаларға 

Қатысу ақысыз 

Club ang    Club ang2

clubd

Клубтар мен

үйірмелер кестесі

Толығырақ...

tv det

Балалар

шығармашылығы

Толығырақ...

sprosy

Кітапханашыдан сұра

Толығырақ...

tree1

Besucherzahler
счетчик посещений